Алматы облысында екі жасөспірім бензин буынан уланып, көз жұмды
Жаркентте 17 жастағы колледждің екі студенті бензин буынан уланып, көз жұмды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жаркенттік полицейлер оқиға орнына барып, гараждан 17 жасар екі жігіттің мәйітін тапты. Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер автомобильді жөндеу кезінде бензин буынан уланып қалған", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының төртінші бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады