Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір топ оқушыны қағып кеткен жүргізушінің ісі сотқа жолданды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бір топ оқушыны қағып кеткен жүргізушінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Еске балайық, биылғы 2 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында 54 жастағы жүргізуші мас күйде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 қыз ауруханаға жатқызылды. Кейін алған жарақаттарынан екі оқушы көз жұмды.



Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды.

28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

Талқылау