Алматы облысында бір топ ит 52 жастағы әйелді талап тастай жаздады

Желіде бір топ иттің әйелге шабуыл жасаған сәтінің кадрлары тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 17 ақпанда Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір үйдің ауласында иттер үйірі 52 жастағы әйелге тап берген. Жәбірленуші көптеген жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
“52 жастағы әйелге иттердің шабуыл жасауы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ққиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция иттердің иесі ретінде 60 жастағы күдіктіні анықтады. Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің көршісі өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияның деректеріне сүйенсек, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке де тартылған.
Жануарларды аулаумен айналысатын мердігер ұйым – ЖК “Абдыкалов”. Бүгінде оқиға болған мекенжайда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бурабайда қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы адамға тиіп кеткені хабарланған еді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады