Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында айыпталушы сот отырысы кезінде тамырын кеспек болған

Алматы облысында сотталушы сот отырысы кезінде тамырын кеспек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде жас қыздың айыпталушыларға арналған оқшауланған кабинада қолын қандай да бір затпен кеспек болғаны түсірілген видео жарияланды.

Соттың айтуынша, қыз осылайша мемлекет тағайындаған адвокатқа наразылығын білдірген. 


Қазақстанның үш өңіріндегі түрмеде сотталушылар теракт жасамақ болған (видео)


“Қызға қатысты іс Қылмыстық кодекстің "Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. 10 желтоқсанда өткен сот отырысында сотталушылар С. мен Т. сот тағайындаған мемлекеттік адвокатқа сенімсіздік танытуына байланысты жауап беруден бас тартып, сотталушы С. сол қолын кафель сынықтарымен кесіп, өміріне қауіп төндірмейтін көптеген жарақат салған. Сотталушының адвокаты соттан уақыт беруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырды”, – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда баспанасынан айырылған әйел прокуратура ғимаратында тамырын кесіп тастағанын жазғанбыз.

Талқылау