Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтірген соң, үйін, балаларын өртемек болған

Алматы облысында әйел қайын әпкесін өлтіріп, одан соң өзін және балаларын өртемек болып үйге жанармай төккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел тергеу тобы 37 жастағы әйелдің өлгенін анықтады.

6 шілдеде Жамбыл аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі сағат 3:00-де Қарғалы кентіндегі жер үйде өрт болғанын, онда зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы 37 жастағы әйелдің қаза тапқанын анықтады.



Күдіктінің көршісі түнде оянып, үйдің жанып жатқанын көріп, көмектеспек болған. Ер адам өрттен үш бала мен әйелді құтқарды. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балалардың 29 жастағы анасын әрекеттерді қасақана істеді деп күдіктеген", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Содан кейін ол қайын әпкесін өлтіргенін, үйді өртегенін мойындаған, сондай-ақ ол балаларымен бірге өртенгісі келгенін айтқан. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі; 202-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

Сондай-ақ төрт адамды, оның ішінде үш жас баланы құтқарғаны үшін көрші ер адамды марапаттау мәселесі жүргізіліп жатыр.

Талқылау