Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда омырауына ота жасатпақ болған әйелдің өліміне кінәлі дәрігер қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Алматыда омырауына ота жасатқан Лаура Ізбасарованың өліміне себепкер болды деп айыпталған пластикалық хирург Дмитрий Писарев сотталды. Ол ҚК 317-бабы 3-тармағы "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан болған адамның өлімі" бабы бойынша кінәлі деп табылды. Десек те сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пластикалық дәрігер

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты пластикалық хирург Дмитрий Писаревке қатысты үкім шығарды. Дәрігерге операция кезінде тағайындалған наркоздың мөлшерінің жоғары болуынан оның пациенті Лаура Ізбасарова көз жұмды деген айып тағылған. 

Қылмыстық істің материалдарын қарап, сот Писаревты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан болған адамның өлімі" бойынша кінәлі деп тапты, алайда қылмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жауапкершіліктен босатты.

"Сот үкімімен Дмитрий Писарев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы үкім шығарды", – деді судья.

Айыпталушы Дмитрий Писарев марқұм Лаура Ізбасарованың отасына сегіз миллион теңге төлеуге міндеттелді. 

Айта кетсек, алматылық пластикалық дәрігер Дмитрий Писарев 2019 жылы тамызда ұсталды. Оған Лаура Ізбасарованың өліміне себепкер болды деген айып тағылды. Дәрігер марқұмның омырауына ота жасағанда қателік жіберген. 

Талқылау