Алматы облысында әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза болды
Әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға 14 қыркүйек күні Алматы облысында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Қарулы Күштердің 1990 жылы туған "капитан" шені бар әскери қызметшісі парашютпен секірудің жоспарлы жаттығуларын орындау кезінде қаза тапты", – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Марқұмның басқа жеке деректері туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді.
Сарбаз бұған дейін 50-ге шуық парашютпен секіру тапсырмаларын орындап, апаттық-құтқару десантшылар тобының мүшесі болған.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство әскери қызметшінің отбасына тиісті көмек көрсетеді.
Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда.
"Мобилографты комиссия мүшесі ететіндей Ата заң ойыншық емес қой": Конституциялық реформа комиссиясының мүшесі болған Балтабаев тағы да көпке жақпай қалды
Саясаттанушылар комиссия мүшелеріне қатысты пікір білдірді
"Гипссіз қолы дірілдеп, өзіне бағынбайды": Алматыда самокат қағып кеткен жасөспірім мүгедек болып қалды
Әлия: "Білек, шынтақ буындары да қисайып, қолы бір жаққа қарай қисая берді"