Алматы облысында анасы мүгедектігі бар баласын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желілерде Алматы облысында анасының мүгедектігі бар екі жасар баланы өлімші етіп ұрып тастағаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаны облыстық полиция департаменті растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
"Осы факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен 4 жасар бүлдіршіннің анасы баласын ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Науқас баласын ауруханадан алып қашқан әйел табылып, ауруханаға жатқызылды. Балалар омбудсмені Динара Закиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 4 жасар бала қолының оң жақ сүйектері сынып, кеуде қуысы, арқасы, жамбасы және тағы басқа жерлері көгеріп, ауруханаға түскені туралы жазды.