Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет дропперлік әрекет үшін қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында алғаш рет дропперлік әрекет үшін қылмыстық іс қозғалдыФото: Ru.freepik.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құқық қорғау органдары “дропперлік” туралы жаңа бап бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғын алаяқтардың ұрлаған қаражатын аударуда делдал болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысында Қылмыстық кожекстің жаңа 232‑1 бабымен “дропперлік” жасағаны үшін тергеу басталды. 

Жергілікті тұрғын OLX сайтындағы “онлайн-төлемдер операторы” туралы жалған хабарландыруға алданып, өзінің банк картасын қылмыскерлерге пайдалануға берген. Биыл қыркүйектен бастап әйелдің банктік картасына 2 миллионнан астам теңге түскен, оның 5%-ын ол комиссия ретінде ұстап, қалған қаражатты қылмыстық схема ұйымдастырушыларына аударып отырған. 

Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап “дропперлік” қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Заң банктік реквизиттерді беру ғана емес, бөтен карталарды пайдалану немесе қылмыстық мақсатта қаржылық есепшоттар сатып алу үшін де жауапкершілікті қарастырады. Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза – жеті жылға бас бостандығынан айыру.


Сарапшылар студенттерге желідегі қауіпті "қосымша жұмыс" туралы ескертеді 


Астанада банк картасын алаяққа берген жасөспірімнің үстінен іс қозғалды


Сондай-ақ ведомство азаматтарға аса сақ болуға шақырды.

“Бөтен адамдарға банктік картаның деректерін, PIN-кодтар мен онлайн-банкинг құпия сөздерін бермеу керегін, сондай-ақ күмәнді интернет-ресурстарда құпия ақпаратты енгізуге болмайды”, – деп ескертті ведомство.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 16:50