Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде студенттің өліміне қатысты 10 адамның соты өтті

Ақтөбеде кәмелетке толмаған колледж студенттерінің арасында жаппай төлес болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Студенттің өліміне қатысты 10 адам анықталып, сот алдында жауап берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Айыпталушылардың жасы 20-дан енді асқан. Барлығы колледж студенттері. 

Қайғылы жағдай былтыр мамыр айында болды. Тергеу мәліметіне сәйкес, қаза тапқан студент пен тағы бір жасөспірім арасында жанжал туған. Оларға достары мен туыстары көмекке келіп, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Кейбірі қарумен және пышақпен қаруланған. Мерт болған студентті алдымен пышақтап, кейін үстінен көлікпен жүріп өткен. 

10 адам “Кісі өлтіру” бабымен айыпталып отыр.

“Алдымен Гришина көшесіндегі мектеп ауласында кездескен. Сотталушылардың бірі жәбірленушіден 300 мың теңге немесе IPhone 13 талап еткен. Оның бұл талабынан бас тартқан соң, олар мал базарының маңында кездесетін болып шешеді. Олар кешкі сағат 22:00 шамасында жиналып, кездесу жаппай төбелеске ұласты”, – дейді мемлекеттік айыптаушы.



Прокурор сотталушылардың өздерімен берге атыс қаруы мен пышақ алып барғанын растады.

Бұған дейін төбелес кезінде өзін қорғау үшін абайсызда адам өлтірген Жоламан Құсайын оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. 

Талқылау