Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлады деп танылған жаттықтырушының туыстары жеткіншектің деректерін жариялап жіберген

Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деп айыпталған таэквондо жаттықтырушысы Диас Шалғымбаевтың туыстары зорлау әрекетін ақтамақ болып, желіде жәбірленушінің деректерін жариялап жіберген. Зардап шеккен кәмелетке толмаған жәбірленушілерге қатысты ауыр қылмыс жасағанын “НеМолчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

www.facebook.com/dina.tansari.kz

“21 маусымда сотталған жаттықтырушының туыстары әлеуметтік желілерде зорлау фактісін жоққа шығарып, кәмелетке толмаған жәбірленушінің жеке деректерін таратып жіберді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігін бұзып, әлеуметтік желіде фотосуретті, жәбірленушінің аты-жөнін жариялаған, бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес, олар 14 жастағы баланы үш баланың әкесін азғырды деп айыптап, әдейі жалған ақпарат таратқан”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабын бұзған сотталушының туыстары әлеуметтік желіде сот-медициналық сараптаманың қорытындысын таратып жіберген.

“Шұғыл шара қолдануды, Инстаграмда және басқа да әлеуметтік желілерде жәбірленушінің видеосы мен деректерін таратуды тоқтатуды сұраймыз, қыз ауыр психологиялық жарақат алған. Деректерді жаттықтырушының шәкірттері, оның әйелі мен ата-анасы таратып жатыр”, – деді қор жетекшісі.

Orda.kz сайтының журналисі сотталушы жұмыс істейтін спорт мектебіне баспасөз хатшысынан ақпарат алу үшін телефон соққаны белгілі болды. Телефон тұтқасын жаттықтырушының әйелі көтерген, оның да жаттықтырушы, күйеуінің бұрынғы шәкірті екені анықталған.

“Ол өзін хатшымын деп таныстырып, үш зардап шеккен қызға жала жауып, күйеуін тамаша сипаттап берген, қыздардың барлығы әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан екенін айтқан”, – деп жазды Таңсәрі.

“НеМолчи” қоры жетекшісі мекемені жабуды талап етті, себебі сөзінше, бұл мектеп зорлықты ақтайды және жәбірленушілерді қорлайды. Бұл педагогтер қоғамға қауіпті деп жазды ол.

“Қазақстанда қоғамбала қорланып, жатырын 8 жаста жоғалтса ғана педофилді кінәлай бастайды. Қалған балалар физикалық тұрғыда зардап шекпесе аса қинала қоймады және бәріне көнеді, ал пәктік қайта қалпына келеді. Бұл аналар мен әйелдердің ойы. Олардың ойынша, 14 жастағы үш баланың әкесінің басын айналдырған қыз – кішкентай қыз емес. Мына әйелдер жаттықтырушы жәбірлеген қыздар туралы ақпарат таратты. Олар балалардың фотосы мен аты-жөнін жариялауға болады деп есептеген. Жаттықтырушының анасы маған жекеме шықты. Ол маған ақша беруге дайын екенін айтты. Сонымен бірге, қыздардың аналары маған қанша ақша бергенін сұрады. 14 жастағы қыздың фотосын жекеме жіберіп, ол өзін сатып жатқанын айтты, тіпті “мына қызға қара, қай жерінен бала көріп тұрсың” деп жазды”, – дейді Таңсәрі.

Айта кетейік, Алматы облысында үш баланың әкесі таэквондоға қатысқан қыздардың біреуін зорлап, қалған екеуіне қорлық көрсеткені белгілі болды. Ол сот шешімі бойынша жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Алайда туыстары мен жаттықтырушының қолдаушылары сот үкімімен келіспейді.

 

Талқылау