Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласы қалай дамып жатыр - Басқарма басшысы айтты

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Коюмчан Омаров өңірдегі ауылшаруашылығын дамыту жұмыстары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


“Ауыл шаруашылығы Алматы облысы экономикасының жетекші салаларының бірі. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту - өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Облыс халқының 83,8% ауылдық жерлерде тұрады (1 269 620 адам), бұл шаруа қожалықтары мен ауылдық кооперацияны дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықтарда өнім өндіруге мүмкіндік береді. Алматы облысының аумағында 30 мыңға жуық ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді”, – дейді Коюмчан Омаров. 

Оның сөзінше, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 155,7 млрд. теңгені құрады. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 119,0% құрады (2022 жылғы қаңтар-мамыр 130,8 млрд. теңге). 2023 жылға өнімнің жалпы шығарылымын 820 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (нақты көлемінің индексі 101,3%). 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының төрағасы міндетін атқарушы осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 3,5 мың гектарға ұлғайтылып, 465,8 мың гектарға жеткенін айтты. 

“Көктемгі егіс жұмыстары толық көлемде және мерзімінде аяқталды. 183,2 мың гектар алқапқа дәнді масақ дақылдары, 36,0 мың гектарға майлы дақылдар, 26,1 мың гектарға картоп, 28,0 мың гектарға көпжылдық шөптер егілді. Бақтардың жалпы ауданы 18,9 мың га құрайды, оның ішінде 2,1 мың га қарқынды бақтар”, – дейді Коюмчан Омаров. 

Сонымен қатар өңірде ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басының тұрақты өсуі байқалады.

“Атап айтқанда, ірі қара мал басы 6% артып, 826,7 мың басты, жылқы 5,8% (268,3 мың бас), ұсақ мал 9,6% (3399,8 мың бас), құстар саны 8,9 млн.басты құрады.Облыста қуаттылығы 51,5 мың бас болатын 56 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді”, – дейді ол. 

Облыста 2023 жылдың соңына дейін қуаттылығы 1,3 мың бас болатын 3 мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тірі салмақта ет өндіру көлемі 93,8 мың тоннаны құрады.

Жыл соңына дейін ет өндіру көлемін 300,0 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда: оның ішінде сиыр еті - 108,3 мың тонна, қой еті - 39,1 мың тонна, жылқы еті - 26,3 мың тонна, құс еті - 121,3 мың тонна.

“Облыста қуаттылығы 21,3 мың бас 56 тауарлы-сүт фермасы бар.
Жыл басынан бері 900 басқа арналған 2 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды ("Әбдіжаппар" ШҚ 100 басқа, Іле ауданының 800 басқа арналған "Генофонд" ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС). Жыл соңына дейін қуаты 3,0 мың бас болатын 5 тауарлы-сүт фермасын іске қосу жоспарлануда (1000 басқа арналған "Taol Agro" ЖШС, 400 басқа арналған "Абди Агро" ЖШС, Еңбекшіқазақ ауданының 300 басқа арналған  "Шынар" ШҚ, Іле ауданының 800 басқа арналған "Ризық Агро" ШҚ және Райымбек ауданының 500 басқа арналған  "SNV & biz GPOUP" ЖШС)”, – дейді Коюмчан Омаров. 

2023 жылдың шілдесінде жалпы сомасы 15,0 млрд.теңгеге 93,3 мың тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермаларын кеңейту және салу бойынша 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Оның сөзінше, сүт өндіру көлемі 191,5 мың тоннаны құрады. 2023 жылдың соңына дейін сүт өндірісін 583,0 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

“Облыс аумағында 11 құс фабрикасы жұмыс істейді (7 - ет бағыты, 4 – жұмыртқа бағыты). 2023 жылдың наурыз айында Ұйғыр ауданында қуаттылығы жылына 17,5 мың тонна бройлер құс етін өндіретін "Прима-Құс" ЖШС құс фабрикасын салу жобасы іске асырылды. 2025 жылға дейін осы құс фабрикасының қуатын жылына 100 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда”, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы. 

Айта кетсек, 2023-2025 жылдарға Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 15,0 мың тонна құрайтын "Белес Агро" ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы жоспарланған. Құс фабрикасының өнімдері облыста ғана емес, Алматы қаласының сауда желілері арқылы да сатылады.

"Мал шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспары" шеңберінде жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінді, оған Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне одан әрі лизингке беру үшін 5 639 бас ірі қара мал және 1 351 бас ұсақ мал сатып алу жүзеге асырылады”, – дейді Коюмчар Омаров. 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 27 Маусым, 2023 15:05