Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Метро көзі көрмейтіндер үшін қауіпті": "Қазақ зағиптар қоғамының" мүшесі метрода көз жұмған жігіт туралы деректерін бөлісті

Алматыда метрода құлап мерт болған жігіттің кім екені белгілі болды. "Қазақ зағиптар қоғамы" 26 жастағы жігіт туралы айта отырып, метроның зағиптар үшін ыңғайсыз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қоғамдастықтың мәлімдеуінше, бекеттен вагонға жеткенге дейінгі жол ұзақ. Сондай-ақ қасында адам болмаса, жалғыз жүру қауіпті екенін айтады.

Метрода құлаған марқұм Талғардың Қанат Батқалғазы деген жігіті екен. Жасөспірім кезінде оның көру қабілеті тез нашарлай бастады, оның үстіне бұл сырқаты тұқым қуалаған. Оған 5-тен астам ота жасалды, бірақ одан көру қабілеті жақсармады.



 "Қазақ зағиптар қоғамы” мүшелерінің айтуынша, Талғат өте еңбекқор болған, компьютеріне орнатылған дауыстық бағдарламаның көмегімен 18 жасынан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ақша тауып, ата-әжесіне қамқор болды дейді. Медициналық колледжде массажист мамандығы бойынша оқыды.

Зағиптар қоғамы соңғы уақытта самокаттардың шашылып жатқанына көптеген шағымдар болғанын айтады. Көру қабілеті нашар адамдар үнемі олардың үстінен құлап кетеді дейді.

“Көру қабілеті нашарлар арықтарға құлап кетіп жатады. Көптеген жерлерде тактильді жолдар жоқ. Бұл жолдар мүгедектерге жол көрсетеді. Таяқпен жүргенде кедергілер бар жерде жол көрсетіеді”, – деді “Қазақ зағиптары қоғамы” Алматы қалалық филиалының төрайымыАлтынай Ибрагимова.

Еске салайық, бұған дейін көзі нашар көретін жігіт рельске құлап, қайтыс болғанын жаздық. Полиция мен жедел жәрдем келгенімен, азаматты құтқару мүмкін болмады. Бұған қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, "Абай" станциясы уақытша жабылды. Кейін жігіттің құлаған сәтінен видео тарады. 

Талқылау