Алматы метросына тағы сегіз станция қосылмақ
Алматы метросына әуежайға дейін тағы сегіз станция қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kolesa.kz
Жобаның техникалық құжатында жаңа метро желісі "Жібек Жолы" станциясынан бастап әуежайға дейін болатыны көрсетілген.
Желінің станциялары:
№ 1 – "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауыстырып міну торабы ұйымдастырылады;
№ 2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;
№ 3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында;
№ 4 – "Халық Арена" спорт кешенінің жанында;
№ 5 – "Шығыс" көлік ауыстырып міну торабы аумағында, "Жетісу" базарына қарама-қарсы бетінде;
№ 6 – "Апорт-2" сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында;
№ 7 – Нұршашқан ықшамауданының маңында;
№ 8 – әуежайдың жанында.
Екі жолақты желінің ұзындығы – 14 км.
Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланған.