Алматы маңында әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап кетті
Бесағаш ауылында қайғылы оқиға болды. 41 жастағы әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: СС0 / Simon Kadula
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 наурыз күні Бесағаш ауылындағы "Аспан Сити" тұрғын үй кешенінде 41 жастағы әйел 10-қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақаттардың салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай терезе жуу кезінде абайсызда болған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда," – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті