Алматы дүниежүзіндегі ең арзан 10 қаланың қатарына кірді — The Economist
Economist Intelligence Unit статистикасында Алматы дүниежүзіндегі ең арзан 10 қала қатарына кірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
172 қаланы салыстырған рейтингте Алматы 166-орын алды. 165 және 167-орындарға Ахмедабад (Үндістан) пен Қарашы (Пәкістан) орналасты.
The Economist журналы ең кейінгі орындарға жайғасқан Тегеран (Иран), Триполи (Ливия) мен Дамасктың (Сирия) экономикасы инфляцияның кесірінен нашар дамып жатыр дейді.
Ал ең қымбат он қала қатарына Сингапур, Нью-Йорк, Тел-Әвив, Гонгконг, Лос-Анджелес, Цюрих, Женева, Сан-Франциско, Париж, Копенгаген мен Сидней кірген.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
