Алматыда бүлік кезінде көз жұмған ҰҚК курсантының денесі туған жеріне жеткізілді
Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің денесі 9 қаңтарда Ақтауға жеткізілді. Марқұмды жерлеу рәсімі 10 қаңтарда өтеді – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның жарқын бейнесі маңғыстаулықтардың мәңгі есінде қалатынын жеткізді.

"Мейірхан Ержанұлы Отан үшін жанын қиды. Ол террористер қолынан қаза тапты. Бар болғаны 19-да еді. Бұл қайғылы хабар бәріміздің көңілімізге қаяу салды. Мәңгі есімізде қалады. Ата-анасы мен жақындарына сабыр берсін", – деді облыс әкімі.
Мейірхан Бітім – Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика бағытындағы гимназия түлегі. Алматыдағы ҰКҚ Шекара академиясында 2-курста оқыған. Марқұмның жерлеу рәсімі 10 қаңтарда өтеді.




Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін