Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы билігі туристің портретін салуға 30 миллион теңге жұмсамақ

Алматы қаласының билігі туристің портретін салуға 30 миллион теңге жұмсамақ. Мәлімет мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Dribbble.com 

Алматының туристік бюросы мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жариялаған.

Мемлекеттік мердігер – көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңде кемінде төрт мың туристке сауалнама жүргізуі керек. Сонымен қатар шетелдіктерге баса назар аударылады (респонденттердің үштен екісі).

Туристер мегаполистің көрнекі орындарында "кәдесый үшін" сауалнамалар толтырады деп болжанып отыр. Келушілер сауалнамалардың кейбірін онлайн түрде толтырады.

Сонымен қатар бюро туризм индустриясының негізгі қатысушыларынан сауалнама алуды жоспарлап отыр. Олар сарапшы блогерлермен подкастар жазып, туристердің өмірі тақырыбына бейнероликтер түсіреді.



Сауалнамалар негізінде  Almaty Tourism Bureau туристің портретін жасамақ. Ведомство осылайша туристердің Алматыны не үшін таңдайтынын, қалаға қайта келуге ниетті ме, нақтырақ білмек. 

Мемлекеттік мердігер сәуір айында таңдалады. Суретші туристің дайын портретін 2025 жылдың соңына дейін туризм бюросына ұсынуы керек. 

Айта кетейік, Visit Almaty брендін Алматы туристік бюросы басқарады. Бюро Алматы қаласы Туризм басқармасының бақылауымен жұмыс істейді.

Туризм басқармасы туристің портретіне өткен жылы тапсырыс беріп қойған. Сосын ведомство шетелдіктердің тәулігіне шамамен 334 доллар (160 мың теңге) жұмсайтынын анықтаған. Ал қазақстандық туристердің Алматыдағы шығындары одан да аз – 38 доллар (18 000 теңге). 

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі туризмді дамыту үшін блогерлерге, имидждік бейнероликтерге және Tripadvisor жарнамасына 1,2 миллиард теңге жұмсайтыны туралы жазған едік. 

Талқылау