Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды

Фото: Видеодан скрин

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында өзіне өрт қойған 33 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Департамент мәліметінше, ер адам ауруханадан шыққан соң ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ауруханадан шыққаннан кейін аталған азамат ешкімге шағымы жоқ екені туралы жазбаша өтініш берген”, – делінген хабарламада. 


"Рейске үлгермей қалғанын айтып, өзіне бензин құйған": Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адам тұтанғыш сұйықтықты өзімен ала барған (видео)


Алматы әуежайында өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды


"Билеттерді өз атына сатып алмаған": Полиция Алматы әуежайында өзіне өрт қойған адамның әйелінен жауап алды


Ішкі істер департаменті қажет тергеу және жедел іс-шараларды аяқтағанын айтты. Қазір сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіне қылмыстық құқық бұзушылыққа және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы хабарлама жіберілді.

Еске салсақ, бұған дейінАлматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеп жібергенін жазған едік. Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның әуежай кеңселерінің бірінде үстіне бөтелкемен сұйықтық құйып, өрт қойғанын көруге болады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өзіне өрт қойған ер адам жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын мәлімдеді. Оның жағдайы өте ауыр. Сондай-ақ оқиғаның болжамды себебі айтылды.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 11:02