Алматы әуежайында бұрын зорлау, кісі өлтіру фактісі бойынша сотты болған аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бұрын ұрлық жасап, зорлау мен кісі өлтіру фактісі бойынша сотты болған аса қауіпті қылмыскерді ұстады. Ұсталған азамат лаңкестерге қосылу үшін шетелге ұшпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азаматтың ұрлық, зорлау және кісі өлтіру бойынша соттылығы болған.
“Түрмеден шыққаннан кейін ол радикалды идеологияны ұстана бастаған. Кейін Сирияға барып, сол жерде лаңкестік топтардың бірінің жағында соғысуға шешім қабылдаған.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған адам лаңкестік әрекетті қаржыландырды деген де күдікке ілінген”, – делінген хабарламада.
Оған қатысты ҚР 258 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті