Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары мас күйінде көлік айдағаны үшін қамауға алынды
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Жоғарғы соттың мәліметінше, Ержан Бабақұмаровтың көлігі 29 қаңтарда Астанадағы Төлебаев көшесінде сағат 03:15 шамасында тоқтатылған. Іс материалдарында оның Toyota Land Crusier Prado көлігін мас күйінде басқарғаны көрсетілген.
Нәтижесінде сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.
Ержан Бабақұмаров 2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 жылдан бастап президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметін" басқарды.
Сот кабинетіндегі құжаттарда Бабақұмаровтың қазір жұмыссыз екені айтылған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"