Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі Руслан Берденовті жетекші қызметке тағайындады

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеттіФото: Шымкент әкімдігі

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары болған Руслан Берденов Алматыны дамыту орталығын басқаруға тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Берденовтің тағайындалғанын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Бұған дейін жаңа қызметкер отырғаны туралы алғаш болып журналист Бейбіт Әлібеков желідегі парақшасында жазған еді.

Мәліметтерге сенсек, Алматыны дамыту орталығы қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына ықпал етуге, әкімдік пен тұрғындарға кәсіби қызметтердің кең спектрін ұсынуға бағытталған. Мақсат – қала басқарудың тиімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, сондай-ақ Алматыны өмір сүруге ең қолайлы және тартымды қалалардың қатарына қосу. 

Кәсіпорын Алматы әкімдігінің шешімімен құрылып, жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысуға ие.


Руслан Берденовке қатысты істе екі тарап та апелляциялық шағым түсірді


Шымкент әкімдігіндегі ауыс-түйіс: Қала әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды


Еске салайық, бұған дейін ақпанда Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды, алайда 21 сәуірде оған шабуыл жасалды. Оқиғаға қатысы бар күдікті Ернар Жиенбай ұсталып, тергеу жүргізілді. Шабуылдың мотиві бастапқыда зәбірлеу деп аталды, кейін сотта Жиенбай қызғанышты себеп ретінде атады. Сот процесі барысында бірнеше даулы оқиғалар болды, ал 20 тамызда Жиенбай 9 жылға сотталды. 29 тамызда Берденов өз лауазымынан кетті.

Айым Атамбаева
Сенбі, 04 Қазан, 2025 12:46
Талқылау