Алматы әкімдігі "Атакентте" тұрғын үй кешенін салмақ болған жерді қайтарып алады
Фото: avito.ru
Алматы әкімдігі "Атакент" көрме кешені аумағындағы тұрғын үй кешенін салуға жоспарланған жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың 10 сәуірінде қала әкімінің осыған қатысты қаулысы шыққан. Құжатқа сәйкес Бостандық ауданындағы көлемі шамамен 1,5 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылады. Бұл аумақта жаңа көрме залы салу жоспарланып отыр. Кейін жер қаланың мәдениет басқармасының қарауына өтеді.
Қоғамдық кадастрлық карта деректеріне сенсек, бұл жер бастапқыда паркингі бар тұрғын үй кешенін салуға арналған еді.
Қазіргі меншік иесі "Atakent Asia Development" ЖШС. Мемлекет пен компания арасында өтемақы сомасы келісім арқылы анықталады. Жерді толығымен қайтарып алу 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Досаев Алматы облысы әкімінің анасына жер бергені туралы ақпарат тарады
Қазақстанда енді құрылыстарды сейсмологиялық есептен өткізу міндеттеледі
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында әкімдер жер телімдерін туыстарына таратып бергенін жазған едік. Жоғарғы соттың мәліметінше, Жамбыл облысындағы бірнеше ауданда лауазымды тұлғалар өздерінің жақын туыстарына заңсыз жолмен жер телімдерін пайдалану құқығын берген. Мәселен, 2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімі жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімін бау-бақша өсіруге берген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

"Мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығарады": Блогер Алматыдағы №12 гимназияның бұрынғы директоры әлі күнге дейін мектеп ісіне араласып жүргеніне шағымданды
