Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмат Кебіспаев Атыраудағы халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев Атырауда өтетін халықаралық турнирге қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Даңқты балуан және жасөспірімдер құрамасының бапкері Алмат Кебіспаев "Біріккен күрес әлемі" (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінде өнер көрсетеді. Әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, жерлесі Зинеловке қарсы күреседі. 17-20 қыркүйек аралығында өтетін жарысқа Қырғызстан мен Әзербайжанның құрамалары да қатысады. 

Айта кетейік, 36 жастағы Алмат Кебіспаев былтыр 67 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған еді. 

Талқылау