Алмас Кішкенбаевтың 3 ақпанда өтуі тиіс соты белгісіз себеппен кейінге қалдырылды
Әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: a.kishkenbaev Instagram
Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот өтті, бірақ іс қаралмады.
"Сот отырысы өтті, бірақ іс қаралмай, басқа уақытқа шегерілді. Сот жабық өткендіктен, отырыстың неліктен кейінге шегерілгенін білмейміз", – делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Кейін танымал әншіге қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.
Алмас Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттер жасау, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларды сыйламау, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер) айып тағылған.