Алмас Кішкенбаев қызының 2 жасынан боянып, 3 тілде сөйлейтінін айтып мақтанды
Алмас Кішкенбаев “Қызына дұрыс тәрбие бере алмай жүр” деп өзін сынағандарға жауап берді. Ол сөз арасында тұңғышының үш тілде сөйлеп, екі жасынан бастап боянғанын айтып мақтанып та алды.
Фото: instagram.com/kishkenbayev/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жуырда Алмас Кішкенбаевтың тұңғыш қызы Зерені сұлулық салонына апарып, боянуды өзі үйреткені туралы жазған болатынбыз. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір білдірген болатын.
Көбінесе “Кішкене қыздың ернін бояп, нағыз тәтеге ұқсатып қойыпты”, “Мұның не керегі бар. Бұл денсаулыққа зиян емес пе?”, “Бұл дұрыс емес. Бетіне әжім ерте түседі”, “Әкесі балаларына жарнама жасап жатыр. Неткен жиіркенішті”, “Істейтін іс таппады ма екен?” сынды жағымсыз пікірлер білдірген.
Мұның барлығы әншіге әсер етсе керек, ол қыздарының әр сөзі заң екенін айтып өтті. Мұнымен қатар, бала тәрбиесінде өзіне қарағанда әйелінің әлде қайда қатал екенін тілге тиек етті.
“Менің Зерем ернін бояғанды 2 жасынан бастап ұнатады. Оның ерінін ешкім бояған емес, өзі анасынан көріп үйренген. Және онда тұрған ешнәрсе жоқ, ол күнде боямайды. Боялған суреттерді өзіміз қызығымызбен сіздермен бөлісейк деп саламыз. Енді сұлулық салонына барғанын отандық порталдардың бірі жазыпты.
Мен шаш алуға барған едім, анасынан көргенін істегісі келді, тырнақтарын боятты. Онда да тұрған еш жамандық жоқ. Мен қыздарымның бетін қайтара алмаймын. Олардың айтқан сөздері мен үшін заң. Мөлдір маған қарағанда қаталдау. Ал Зеренің тәртібіне келетін болсақ, ол бұзық емес, ағылшын тілінде барлық түстерді біледі. Үш тілде санай алады.
Үйде тек қазақ тілінде сөйлегендіктен орыс тілін үйренгісі келеді. Арасында “да” деп жауап қайтарып қояды. 3 жасар қызға жеткілікті деп есептеймін. Күзден бастап оның ағылшын сабақтары басталады. Зере жайлы бірәз мағлұмат бере алдым деп ойлаймын. Бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ұмытпаңыздар! Құшақтадым сіздерді”, – дейді Алмас Кішкенбаев.
Әншінің бұл пікірінен кейін желі қолданушылары оны қолдауға кірісті. Олар “Өздерінікі боянбайтындай айтады ғой. Біздің үйдегі бүлдіршіндер де еріндерін бояп алады”, “Жұрт айта береді. Қыз-тәрбиесі әке-шешесіне байланысты. Тәрбиені қалауыңызша бересіз. Барлық адам бірдей болуы мүмкін емес”,
“Әр адам өз баласына ерекше тәрбие береді. Кәлима сіз секілді жарық жұлдыз болсын. Отбасыңыз аман болсын”, “Адамдар ақылды болып қалады ғой болмайтын жерде” сынды пікірлер білдірген.
Алмас пен жұбайы Мөлдір бүгінде екі қыз тәрбиелеп отыр. Зере үш жаста, ал кіші қызы Кәлима жуырда бір жасқа толады.
Жіберіп алмаңыз:
Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды
Алмас Кішкенбаев кезекті туындысын сүйіктісіне арнады (видео)
Алмас Кішкенбаев даяшы болып жұмыс істеді (фото)
Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікірін білдірді