Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев артық салмағының кесірінен сахнаға шықпай жүр

Эстрадамыздың танымал әншісі, екі қыздың әкесі Алмас Кішкенбаев артық салмақ қосып алғандықтан, сахнаға жиі шықпай жүргендігін айтты.

 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иә, жолдастар! Сахна жыныс талғамайды. Эстрада жұлдызы әйел болсын, ер болсын, сымбатты болып жүруі тиіс. Неге? Себебі сіздер, құрметті көрермендер, олардан үлгі алып қана қоймай, кей-кейде қатал сынға да аласыздар.

Халықтың сынына ұшыраған жандардың бірі – Алмас Кішкенбаев.

«Біраздан бері мен өзімнің суретімді салмай жүргенімді білетін шығарсыздар?! Экраннан да көрінбей кеттім (анамның айтуы бойынша). Менде, мен үшін үлкен проблема бар. Мен қаншалықты мықты болсам, соншалықты сол проблемаға шамам келмей қалады. Осыны оқып отырған болсаңыздар, сол да проблема ма деп айтуларыңыз да мүмкін. Бірақ өкінішті, солай… Менің басты проблемам, ол менің салмақ қосып алғанымда. Көрген жерде бірден аааа (вот он щеки наростил, дипутат, живот, үлкенбай) деген сөзерді естігендіктен көріне бергім келмейді», – деп жазған әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Ал Алмастың желідегі оқырмандары оған сәттілік тілеп, дұрыс тамақтану жайында өз кеңестерін берді.

Біраздан бері мен өзімнің суретімді салмай жүргенімді білетін шығарсыздар?! Экраннанда көрінбей кеттім (анамның айтуы бойынша). Менде, мен үшін үлкен проблема бар. Мен қаншалықты мықты болсам, соншалықты сол проблемаға шамам келмей қалады. Осыны оқып отырған болсаңыздар, солда проблема ма деп айтуларыңызда мүмкүн. Бірақ өкінішті, солай… Менің басты проблемам, ол менің салмақ қосып алғанымда. Көрген жерде бірден аааа (вот он щеки наростил, дипутат, живот, үлкенбай) дегенсөзерді естігендіктен көріне бергім келмейді. Мойындағанда дұрысқой 😄. Қазіргі таңда көп саxнаға шыға бермейтінім сол. Байқаған болсаңыздар, мен әрдайым айтушы едім, саxнаның адамының келбеті келіскен болуы тиіс деп. (қазір, все наобарот болып жүрмін). Осы постты жазбай-ақ дегеніме жетсемде болады әрине. Бірәқ, менімен бірге салмақ тастаймын деушілер бар шығар. Бірге арықтайық😉 қазіргі салмағым 82кг. Мақсат, бір айдың ішінде-62кг. Бүгіннен басталды, кім менімен? Артық әңгіме айтқандар(блок). Бұл менің жеке парақшам, өз ойым. Сәттілік! (осы сөзді ешқашан тастамайтын шығармын 😂). Ал кеттік!

Фото опубликовано @kishkenbayev

Гүлназ есімді оқырман: «Тек тамақтың алдында бір сағат немесе жарты сағат бұрын су ішіп ал. Ішкенде де отырып, аз жұтыммен. Тамақтың өзін ғана ішесің. Шай, кофе, напиток араластырмай. Кішкентайдан бірге ішіп үйренген қиын шығар дегем. Жоқ үйренесің. Тамақтан соң бір сағаттан кейін немесе 1,5 сағаттан соң сусын іш. Желательно көк шай немесе су. Қара шайдың адамға еш пайдасы жоқ екен. Солай салмақты тез жəне жеңіл тастайсың. Азанда аш қарынға бір стақанға бал қосып іш. Эхххх, шіркін ораза ұстағаныңда сауап алатын едің, салмақ тастар едің. Дегеніңе жет. Тілеулеспін. Денсаулығыңды құртып алма, ақылмен салмақ таста», – деп ақ тілегін жолдапты.

Сол сияқты өзге желі қолданушылары: «Сізге томпақ болған жарасады», «салмақ тастаймын деп денсаулығыңызды құртып алмаңыз», «сәттілік, біз сізбен біргеміз», – деп пікір білдірген. Ал Дина есімді желі қолданушысы Алмастың жары Мөлдірге «ақыл айтты». «Мөлдір, қадағалаңыз, майлы тамақ дайындамаңыз. Поддержка керек біздің сүйікті әншіге», – деп жазған екен.

Ал Алмас өз сөзін былай деп жалғады: «Мойындаған да дұрыс қой 😄. Қазіргі таңда көп саxнаға шыға бермейтінім сол. Байқаған болсаңыздар, мен әрдайым айтушы едім, саxнаның адамының келбеті келіскен болуы тиіс деп. (қазір, все наоборот болып жүрмін). Осы постты жазбай-ақ дегеніме жетсем де болады әрине. Бірәқ, менімен бірге салмақ тастаймын деушілер бар шығар. Бірге арықтайық😉 қазіргі салмағым 82кг. Мақсат, бір айдың ішінде-62кг. Бүгіннен басталды, кім менімен? Артық әңгіме айтқандар (блок). Бұл менің жеке парақшам, өз ойым. Сәттілік! (осы сөзді ешқашан тастамайтын шығармын 😂). Ал кеттік!»

Иә, ханымдар мен мырзалар! Алмас бір айда 20 келі тастамақ. Оқырмандарына жауап беру барысында танымал әнші бір айдан кейін өз нәтижесімен бөлісіп, желіге өз суретін салуға уәде етті. Ал бұған дейін Кішкенбаев соңғы рет осыдан бес апта бұрын жеке суретін салған екен. Онда да ол суреттің нақты қашан түсірілгені белгісіз.

Көңіл күй қалай достар?! Қайырлы таң! Баршаңызды құшақтадым!

Фото опубликовано @kishkenbayev

«Парақшамды өзім жүргіземін жане барлық пікірлерді оқимын. Артығын өшіріп, жауап беруге тырысамын. 2-3күнде бір рет натижені осында көрсетіп отырамын. Сіздерге сәттілік. Қыркүйек айының 22-не менен екі сурет күтіңіздер. (до и после)», – деп жазады әнші.

Ал артық салмақтың кесірінен сахнадан да, телеэкраннан да көрінбей жүрген әнші қазан айында жаңа бейнебаянымен қуантатынын жеткізді.

Біз де өз тарапымыздан әншіге сәттілік тілеп қоялық!

 

Жіберіп алмаңыз: 

Алмас Кішкенбаев қызының 2 жасынан боянып, 3 тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікірін білдірді

Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды

Белгісіз біреулер Алмас Кішкенбаевты мазақ етті (фото)

 

 

Талқылау