Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алланы мазақтап, соғысты насихаттайды": Қазақстандық блогер "Бомбардиро Крокодило, Тралалело Тралала" мультфильмдерін балаларға көрсетпеуге шақырды

Фото: Желі кадрларынан скрин

Желіде Бомбардиро Крокодило мен Тралалело Тралала, Балерино Капучино деген атаулармен нейрондық желілер жасаған жануарлар бейнеленген мультфильм тарап, миллиондаған қаралым мен лүпіл жинауда. Алайда қазақстандық блогер ата-аналарға мұндай контентті балаларға көруге тыйым салу керек екенін жеткізді. Айтуынша, бұл кейіпкерлердің сөздерінің аудармасында құдайды мазақ етіп, соғыс, қатыгездікті насихаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тез әрі кең таралған видеоны әсіресе балалар қызығушылықпен қарап, сөздерін жаттап алған. Блогер Арман Юсупов бұл видеолардың мәнін түсіндіріп, ата-аналарға ескерту жасады. Ол вирустық бейнелер бір қарағанда еш зияны жоқ сияқты болып көрінетінін, алайда мағынасына үңілсең өте қауіпті насихат екенін алға тартты.

“Бұл видеоны барынша таратыңыздар. Шошып отырмын. Бәлкім сіздер желіден италиялық жануарларды көрген шығарсыздар. Әсіресе 2010 жылдан 2024 жыл аралығында туған альфа ұрпақ осы мультфилімдерді қарайды, күліп, көңіл көтереді. Бірақ белгілі болғандай бұл мультфильмдер мен онда айтылған әндердің мағынасы өте қорқынышты. 

Мәселен, Тралалело Тралаланың айтатын әнінде құдайды, дінді қорлайтын сөздер айтылған. Тіпті оқуға ауызым бармайды. Ал Бомбардиро Крокодило әнінде бомбалаушы крокодил ұшқыш Газа мен Палестинадағы балаларға бомба тастайды деген. Мұны жасаған кімдер екенін білмеймін. Кім болса да контент арқылы сананы басқарып, балалар арқылы осындай қорқынышты ойларын астыртын жеткізіп жүр. Мүлде түсінбеймін, бірақ кімдер болса да дұрыс емес нәрсе жасап отыр. Ал бір қарағанда барлығы көңілді жақсы кейіпкерлердей көрінеді. Сондықтан ата-аналар енді бізге бұл мультфилімді балаларға көрсетпеу керек”, – деді ол. 

  • Тралалело Тралала әнін көк түсті акула айтады. Оның аудармасында “Алла шошқа, Алла жаман” деген сөздер айтылған. 
  • Ал Бомбардиро Крокодило – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ әуе күштерінің негізгі бомбалаушысы ретінде көрсеткен Boeing B-17 ұшағымен байланыстырылған қолтырауын.
  • Бомбомбини Гусини – Бомбардирдің қолтырауынның ағасы ұшақ қазы. Кейде оған ұшақ қанаттарының орнына құс қанаттары қалдырылып, оларға реактивті қозғалтқыштар немесе граната атқыштар тартылады.
  • Тунг Тунг Тунг Сахур –  бейсбол таяқшасы бар басты жауыз. Бұл АІ жануарларының ішіндегі ең күшті тіршілік иелерінің бірі болып саналады. 
  • Trippy Troppy – скуфтың денесі бар балық (артық салмағы бар). Ол кез-келген нәрсені жейді, сондықтан салмағы көп. 
  • Балерина Капучино – бастың орнына кофе шыныаяқы бар биші. Ол Капучино Ассасиноның әйелі болған. Бірақ тралалело Тралаламен опасыздықтан кейін ажырасқан.
@oksukpaevak2 #fyp #oksukpaevak #foryoupage #funnyvideos ♬ original sound - oksukpaevak
STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 15:48
Талқылау