Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алла Пугачева «Ринго» тобына батасын берді

Алла Борисқызы “Ринго” тоыбының 10 жылдық мерейтойына ыстық ықыласын танытып, батасын берді. Бұл жайлы топ продюсері Инстаграм парақшасында жариялады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Өкінішке қарай, Алла Борисқызы Пугачева елімізге ұшып келе алмайды. Өйткені, ол көп ұшпайтын көрінеді. Не дегенмен, 10 жылдық мерейтойымызға ықыласын танытып, батасын берді. Бір кездері осы жігіттерге ғана сенген еді. Бір рет емес, екі ретінде де ол үміті ақталды».

2016 жылы «Ринго» тобына 10 жыл толады. Соған байланысты былтырға жоспарланған концерт биылғы жылға ауыстырылған болатын. Топ продюсері концерттің ешбір қиындықтарға қарамастан өтетінін айтқан еді.

Безымянный1

«Бұл жігіттер жеке есеп беру кешінен де әлдеқайда зор құрметке лайық. Алайда көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлап, жаңа әндерімен сусындатып, өнерін паш ету әлдеқайда маңызды», – деп жазады продюсер.

Талқылау