«Аll-Давайлық» Шоқан әке болуға дайындалып жүр
Актриса Рано Омарова бауырының қуанышын елге жайып салды. Оның туған ағасы Шоқан Маратұлы жақында әке атанады. Шоқанның жары Әнел Баталова қазіргі уақытта тұңғышын қолына алуға дайындалып жүр.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Олар қазір қызу дайындық үстінде. Дәрігерді, босанатын емхананы таңдап қойды. Тіпті, баланың бөлмесін әзірлеуге кірісіп кеткен. Бұл расында адам жанына қуаныш сыйлайтын тірліктер”, – дейді Рано.
Әнел Алматыдағы клиникалардың бірінде босанбақ. Жұптың алғашқы сәбиі ұл ма, қыз ба, ол жағын Рано құпияда қалдырды.
“Шоқанға: “Әнел жақында босанады, оған барынша қолдау көрсетуге тырыс. Киноға немесе тағы басқа жақтарға алып бар, кейін бара алмай қалады”, – деп айтып отырамын. Жалпы Шоқан тамаша күйеу деп ойлаймын. Өйткені ол керемет бауыр, жақсы адам. Болашақта одан мінсіз әке шығатынына күмәнім жоқ”, – дейді Рано ағынан жарылып.
Жіберіп алмаңыз:
Баян экс-қайын сіңлісі туралы: Ол өзі күйеуімен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шығып алған
Жеңіс Ысқақова құда-құдағиының дәрігер екенін айтып мақтанды
“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады
Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді