Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "All Давай" тобының бұрынғы солисі Данияр Өзбеков соққыға жығылды

Данияр Өзбеков соққыға жығылдыФото: instagram.com/daniyar_pike

Танымал “All Давай” тобының экс-мүшесі Данияр Өзбековті Алматыдағы тамақтанатын орындардың бірінде әлдекімдер соққыға жыққан. Оқиға кезінде оның жұбайы да зардап шеккен. Алайда музыкант өзін соққыға жыққандарды кешіріп, олар түрмеден құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachhkov Offside Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, былтыр жазда Алматыдағы “Shipudim” дәмханасында үш ер адам демалып отырған. Олар бұған дейін басқа бір жерде көңіл көтеріп, кейін осы мекемеге келген. Сол жерде олар көрші үстелде отырған қазақстандық шоу-бизнес өкілі, шамамен 25 жыл бұрын танымал болған “All Давай” тобының экс-солисі Данияр Өзбековті жұбайымен бірге отырғанын байқайды.

Ер адамдар әншіні өз үстелдеріне шақырмақ болған көрінеді, алайда ер адамдар арасында жанжал туындаған.

Жанжалдың нақты неден басталғаны белгісіз. Ер адамдар ішімдік ішкендіктен, бұған кез келген нәрсе себеп болуы мүмкін. Бір сәтте төбелес басталған. Салдарынан Ш. Б. пен А. Б. есімді азамат бірігіп музыкантқа шабуыл жасаған. Айғай-шуды естіп, сол дәмханада отырған Ә. Ш. есімді азамат та жүгіріп келген. Ол да төбелеске араласып, соққы тек музыкантқа емес, оның жұбайына да тиген.

Төбелесті ажыратпақ болған даяшы да зардап шеккен. Оның денесіне біреу кәуап іспарасын сұғып алған.

“Мұны, болжам бойынша, Данияр Өзбеков жасауы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Сотта “All Давай” тобының бұрынғы солисі мен оның жұбайын соққыға жықты деп үш ер адамға қатысты іс қаралған. Олардың әрекеті алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бұзақылық ретінде сараланды.

Данияр Өзбеков сотқа келмей, оның орнына жұбайын жіберген. Ерлі-зайыптылар айыпталушыларды кешіргендіктен, оларға 3,5-4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


"Енді тентек болма": Актер Асқар Жұмабек абақтыдан босады

Сот 6,5 жылға абақтыға қамалған актер Асқар Жұмабектің қалай бір жылда бостандыққа шыққанын түсіндірді


Айта кетейік, 2022 жылғы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil караоке-барына жаппай төбелес болған. Отандық актер Асқар Жұмабек те жаға жыртысқандардың қатарынан табылып, басы дауға қалды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің кінәсіз екенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Актер алты жарым жылға сотталған еді.

Еске салайық, Асқар Жұмабектің бұрын істі болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 17:31