“Аll Давай” әншісі екі айдың ішінде өз күшімен Gelandewagen автокөлігіне қол жеткізбек (видео)
“All Давай” тобының әншісі Шухрат екі айдың ішінде өз күшімен Gelandewagen автокөлігіне қол жеткізуі тиіс. Автокөлікке жұмсалар қаражатқа әншінің осы күнге дейін тапқан табысы қосылмайды. Шухрат небәрі 80 күннің ішінде кем дегенде 2014 жылы шығарылған «темір тұлпарға» адал еңбегімен ақша табуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz.
«Танысып қойыңыздар. Бұл жігіттің есімі – Абай Серғазиев. Екеуміз бәстесіп, ол екі айдың ішінде өз күшімен жаңа Lexus ES 350 автокөлігіне қол жеткізуі тиіс болатын. Діттегеніне жетпеген жағдайда, ол шашын тықырлап алып тастауға міндеттелді. Мына фотода Абайдың неге шашсыз тұрғанын түсінген шығарсыздар. Оның мақсаты орындалмағандықтан, екеуміз тағы да бәстестік. Бұл жолы мақсатқа жетудің жолын мен көрсететін боламын», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Шухрат бәсте жеңілген досы Абаймен. Фото: Instagram/alldavay/
Сонымен, Шоқан Маратұлы (Шухрат) 2016 жылдың соңына дейін кем дегенде 2014 жылы шығарылған Mercedes Galendewagen 6.3 AMG автокөлігіне қол жеткізуі керек. Автокөліктің ақшасына Шоқанның осы күнге дейін тапқан табысы қосылмайды. Егер берген уәдесінде тұрмаса, ол да шашын тықырлап алып тастауға міндеттелді. Әнші апта сайын желідеі оқырмандарына видео-есеп беріп тұруға уәде берді. Шухрат көздегеніне жету үшін жоспар құрып қойғанын айтты. Әнші мақсатына жете ала ма, жоқ па, оны Жаңа жыл қарсаңында білетін боламыз.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлты белгісіз ару Динара Сұлтанның әнін орындау үшін қазақ әліпбиін жаттап алған (видео)
Әуелбекова дүниеге келмеген сәбиіне сын айтқан желі қолданушысына жауап берді
Айықпас дертке шалдыққан қыз Адамбайға «Сәбинка келіннің» қуыршақ түрін жасап берді
Өнер жұлдыздары телехикаяда Дастан Оразбековпен сүйіскен актрисаны сынға алды