Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлқожаның анасы: Роза 8-сыныпта шашын тақырбас қылып алып тастады

Бүгінде халықтың сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған Роза Әлқожа кішкентайынан ер бала секілді өскен. Әжесінің тәрбиесінде болған үйдің тұңғыш қызы бала күнінде-ақ өзгелерден ерекшеленген.

роза85

Әншінің анасы Алтынай Ходжаева 8-сыныпта оқып жүрген кезінде Розаның басынан өткен мына бір хикая жайында «Астана» арнасының «Аналар» бағдарламасында айтып берді.

«Бесік тойға кеткен едім. Келсем қызым тақырбас, шашы жоқ. 8-сыныпқа қадам басар кезі жақындап қалған. «Шаш қайда? Мектепке жақын қалды ғой» десем, бас аман болса, шаш та өседі деп отыр. Сөйтсем әкесі үйдегі екі ұлдың шашын алып жатса, Роза да жүгіріп келіп «менікін де ал» депті. Шашы ұзын, белінен түсетін еді. 5-6 күн өткеннен кейін шашы кішкене-кішкене тікірейіп шыға бастады. Көршіміздің үйінде сүндет той болды. Ол кезде далаға дастархан жаятын. Не болып жатқанын бір көріп келейін деп кіріп барсам, Роза ән салып тұр. Басында шашы жоқ. Әкесі «ана қызға айтпайсың ба?» деп ұрысты. “Айта берсін” дедім», – дейді Розаның анасы.

Screenshot_9

“Аналар” бағдарламасынан скриншот

Аталмыш оқиғаны еске алған әнші шалалығы мол балалық шағын еске алып, бір күліп алды.

«Шашым жоқ-ау деп ойламайды екенбіз ғой сол кезде», – деп пікір білдірді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын сындырып алды (фото)

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Асанәлі Әшімов әріптесінің әрекетін құптамады

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау