Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлия мен Мәншүк есімді қыздарым бар": Роза Рымбаева ел білмейтін сырын ашты

Роза Рымбаева ел білмейтін сырын аштыФото: www.instagram.com/rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Koremiz Show бағдарламасына берген сұхбатында жүрегі кең жан екенін көрсететін әсерлі оқиғаны бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бағдарлама барысында өз туған ұлдарынан бөлек, Әлия мен Мәншүк есімді екі қызы бар екенін айтты. Бұл қыздар ата-анасынан айырылған қайғылы жағдайдан кейін оның отбасына қосылған. Роза Рымбаева олардың біреуі небәрі алты жаста болған кезде қамқорлығына алуға шешім қабылдаған.

Бұл екі қыз менімен тұрады. Менің екі ұлым не жейді, не киеді бәріміз бір отбасы боламыз деп бірден шешім қабылдап, екі қызды қолыма алдым. Мен өте бақытты болдым. Себебі, біріншіден Тасқын да өмірден өтті. Жауапкершіліктің барлығы менің мойнымда қалды”, – деген өнер иесі олардың тәрбиесіне толық жауапкершілік алғанын жеткізді.

Әншінің айтуынша, бұл шешім оған үлкен бақыт сыйлаған, себебі қыздардың әкелері де өмірден өткен.

“Мен өзімді олардың аманатын орындап жүргендей сезіндім. Бұл отбасы үшін жауаптымын деп шештім. Жеңіс ағамның алты қызының барлығы маған туғандай болды”, – деп бөлісті әнші.

Роза Рымбаева тәрбиелеп отырған қыздарынан әлі күнге дейін алғыс, құрмет пен махаббат көріп отырғанын айтты. Ол қыздардың өзіне ана ретінде қарайтынын сезінеді және олардың ата-аналары көктен риза болып қарап тұрғанына сенеді.


Тосынсый жасап келген: Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваға тағзым етті

8 жыл бойы сахнаға шығармаған: Роза Рымбаева өзін өнерден алыстатқан әкімді есіне алды


Бұл мейірімді іс қоғамның зор ықыласына бөленді. Әлеуметтік желі қолданушылары көптеген жылы пікір қалдырып, әншінің кең жүрегіне тәнті болғандарын жеткізіп, ұзақ ғұмыр тіледі.

“Аман болыңыз”, “Бас иеміз”, “Мықтысыз, Роза апай”, “Не деген ерлік. Қандай мықты ана”, “Сізді ең алдымен керемет ана ретінде бағалаймын”, “Керемет жансыз, 100 жасаңыз”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева жұбайымен түскен естелік суреттерін бөліскені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 23:28