Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов соңғы рет 11 сыныпта ғашық болған

Әлішер Кәрімов соңғы рет 11-сыныпта ғашық болған екен. Осы баянсыз махаббаттың кесірінен оның әлі күнге дейін махаббатқа өкпесі қара қазандай. Енді әнші аяулы сезімге деген өкпесін әні арқылы жеткізбек.

14052234_1756431551293713_2074628053_n

Фото: instagram.com/alisher_k/?hl=ru

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әнші жүрегін жаралаған махаббат оқиғасын тілге тиек етіп, сол туралы жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Ол “Бағаламадың” атты бейнебаянда жауапсыз махаббатты басынан өткерген серінің рөлін сомдайды. “Бұл образды шығару үшін өткен өмірге көз жүгіртпеске амал жоқ” дейді Әлішер.

“Мен шынайы махаббатты 11-сыныпта оқып жүрген кезімде басымнан кешірген болатынмын. Ол сезім бірнеше жыл бұрын сөніп қалды. Бірақ әдемі ән қалды. Енді мұның барлығы тек қана естелік қана. Менің әрбір әнімнің өміріммен байланысы бар. Ал бейнебаянда кішігірім мистика болады. Өзге құпияны ашпай қоя тұрайын. Әйтпесе көрерменге қызық болмай қалуы мүмкін”, – дейді Әлішер Кәрімов.

Сюжеттің құпиясын бейнебаянда бой көрсеткен актриса абайсызда ашып қойды. Бұл бейнебаянда сүйіктісінен көңілі қалған қыз оны жер жастандырады екен. “Ашуға булығып өлтірген адамым елес болып жанымнан қалмай қояды. Жақын жерден дауыстары естіліп, мені мазалайтын болады. Ақырында мұның барлығы жанымды жегідей жеп бітіреді”, – дейді актриса Айда Жетпісова.


Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов кезекті бейнебаянын махаббат тақырыбына арнады (фото, видео)

Әлішер Кәрімов Қазақстанды автобуспен аралап, жолда жаңа әндер жазбақ

Әлішер Кәрімов 300 теңгеге жылап жүріп ән салған күндерін еске алды

Әлішер Кәрімов шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатыр (фото)

Талқылау