Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатыр (фото)

Әлішер Кәрімов шетелде демалып жатыр. Әнші бұл жолы қасына сүйіктісін ала барған сыңайлы. Ол Instagram желісіндегі парақшасына романтикалық кешкі ас ішіп отырып түскен суретін жүктеген.

13259003_881500775293833_1884969432_n

Фото: instagram.com/alisher_k/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші өзінің жеке өмірін құпия ұстайтын жандардың қатарынан. Жұрт оны Мақпал Исабекова сынды әріптестерімен қосса да, сүйіктісі туралы ашып айтудан қашады. Осы күнге дейін жұртқа сүйіктісін көрсеткен емес. Тіпті, оның бар немесе жоқ екенін айтпаған-ды. Алайда Кәрімов бұл жолы шетелге сүйіктісін ала барған сыңайлы.

Ол Instagram желісіндегі парақшасына романтикалық кешкі ас ішіп отырып түскен суретін жүктеген. Бірақ әншіге қарама-қарсы кімнің отырғаны белгісіз. Десе де, дастарханның ғашықтарға арналып жайылғаны байқалады.

13414262_799230296844377_975789712_n

Суретті көрген желі қолданушылары “Қызыңызбен отырсыз ба?”, “Қасыңыздағы кім екенін айтыңызшы” сынды сауал қойып, өтініш білдірген. Мұнымен қатар, арасында қызғаныш отына оранған тыңдармандары да бар. Әзірге Кәрімов ешкімнің сауалына жауап бермеді.


Жіберіп алмаңыздар:

Әлішер Кәрімов кезекті бейнебаянын анасына арнады (видео)

Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Исабекова мен Әлішер Кәрімов көңіл қосты ма

Әлішер Кәрімов сұңғақ бойынан ұялады

Талқылау