Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты
Әлішер Кәрімов желідегі парақшасына өзбекше сәлем салып тұрған келіннің видеосын салып жұртты шулатты. Алайда, әнші оны бірнеше сағаттан кейін алып тастаған екен. Көпшілік бұл әншінің қалыңдығы болуы мүмкін деп болжады.
Сурет: Видеодан скриншот
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.
Әлішер Кәрімов те таяуда “Бесжылдықтың үздік әртісі” атанып, ЕМА салтанатынан қос жүлде қолтықтап қайтқанды. Әншінің шығармашылығында ғана емес, жеке өмірінде де өзгерістер орын алғанға ұқсайды. “Махаббат хикаясын” мейлінше жасырып қалғысы келетін серінің, ара-тұра “отқа май құйып” қоятыны бар. Мәселен, бүгін өзбек ұлтына тән дәстүрде “келін сәлем” жасап тұрған аруды инстаграм парақшасына салып қойған.
Бикештің Диора Романова болуы бек – мүмкін. Себебі, бұған дейін әнші мен той көйлегін киген ару бір бой көрсеткенді. Диора таяуда үлкен экранға жол тартатын Нұрлан Қоянбаевтың «Каникулы в Тайланде» атты кезекті комедиясында басты рөлдердің бірін сомдаған. Мәселенің мән-жайын білмекке өнерпазға хабарласқанымызда, ол жеке өмірі жайлы әзірге жақ ашпайтынын айтты. Бұл «махаббат құпиясын» құлыпта ұстаудың тиімді жолы болса керек.
Жіберіп алмаңыз:
Камера алдында шешінген Әзімбаева жұртты еліктірді (фото)
Айдана Меденова Луина ұтқан жүлденің өзіне бұйырмағанына өкпелі
16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте