Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлімжеттік" кесірінен: Түркістан облысында мектеп оқушысы өлтірілген іс бойынша күдікті топ ұсталды

Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысында тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасын төс тұсынан ұрғаннан кейін қайтыс болды. Оқиғаға қатысы бар барлық мектеп оқушылары полиция тарапынан дереу ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысының өлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнына келген тергеу-жедел тобы қажетті іс-шаралардың толық кешенін орындады. Алдын ала деректерге сәйкес, тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасын төс тұсынан ұрған. Алған соққы салдарынан зардап шегуші сол жерде көз жұмды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция күдіктіні және оқиғаға қатысы бар барлық адамдарды дереу ұстады", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының қатаң бақылауында.

"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Акимат жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр", – деп толықтырды полиция департаменті.


"Бітпейтін қорлық, мен тастандымын": Алматы облысында өзіне қол салған оқушының өліміне қатысты тың дерек шықты


Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты (видео)


Еске салайық, бұған дейін Түркістанда 9-сынып оқушысы Мейіржан Нұржанұлы құрдастарының әлімжеттік әрекеті салдарынан қайтыс болғанын жазған едік. Жеткіншекті мола маңында ұрып-соққан, жүрек тұсына ауыр соққы беріп, нәтижесінде ол жан тапсырған. Мейіржан әкесінен айырылған, анасы, әжесі мен ағасының тәрбиесінде өскен, физика мен математикаға құмар бала болған. Отбасы әлімжеттік жасағандар жауапқа тартылатынына үміттеніп, тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 11:49
Талқылау