Алымсақтыққа қатысты шағымдар көбейді: Алматыда жеткізу қызметіне деген талап күшейтіледі

Алматыда жеткізу қызметтердің жұмысына қатысты қауіпсіздік шараларын күшейту, заңнама талаптарының сақталуын бақылау және бизнес өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінде жеткізу сервистері, прокуратура және қалалық қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жеткізушілердің орынсыз әрекеттерінен соң тұрғындардың шағымдары жиілеген.
Тапсырыс жеткізу кезінде курьерлер қыздарға тиіскен. Жақында гүл жеткізген курьер тапсырыс алушы қызға тиісіп, мазалаған. Осы оқиғадан кейін билік агрегаторларға қойылатын талаптарды қатаңдату туралы шешім қабылдады.
Қала полициясының басшысы Айдын Кабулдинов жеткізушілердің тұрғын үйлерге кіріп, азаматтардың жеке деректері мен олардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтерге ие екенін атап өтті. Сондықтан оларға қатысты бақылаудың күшейтілуі тиіс екенін айтты. Ұсынылған шаралар:
• Жеткізушілерді биометриялық сәйкестендіру;
• Аккаунттарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салу;
• Тек заңды түрде рәсімделген қызметкерлердің жұмыс істеуі;
• Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылау.
Егер компаниялар тәртіп орнатпаса, билік жеткізу сервистеріне қатысты реттеу мен жауапкершілікті одан әрі күшейтуге дайын екендерін мәлімдеді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты