Алименттен жалтарғандарды енді прокуратура Yandex арқылы анықтайды

Алматыда алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау күшейтіледі: қала прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan цифрлық платформалар арқылы табыс табатын борышкерлерге қарсы бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының прокуратурасы атынан қала прокуроры Серік Кәріпбеков пен Yandex Qazaqstan атынан компания басшысы Тимур Шалекенов алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және балалардың құқықтарын қорғауға әрекет етуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қала прокуроры қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, оның ішінде Яндекс Такси сервистері арқылы табыс табатын қасақана алимент төлемейтіндердің нақты табыстарын жасыру фактілерінің анықталғанын атап өтті.
2025 жылы 110 осындай факті анықталды, 57 адамға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді.
Аталған меморандум балалар құқықтарын қорғауға және мемлекет пен әлеуметтік жауапты бизнестің өзара іс-қимылы негізінде алименттік міндеттемелерді орындаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
- Елімізде қоғам белсенділері алимент төлейтін азаматтардың қаражаты қайда жұмсалып жатқанын тексеруді сұрады
-
Бишімбаев алиментті аз төлеу үшін мүлкін үлкен ұлының атына жаздырған
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында сот орындаушысы балалардың алиментіне төленген ақшаны жымқырып келгенін жазған едік. Сот орындаушысы осындай тәсілмен 2 млн теңгеден астам сомада қаражат жымқырып отырған. Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарған. Сосын оны жұмыс берушілерге жіберген. Одан әрі борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды