Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алимент төлемейді": Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлы бар екені туралы қауесетке жауап берді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзінің некесіз туған баласы бар екені туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ortcom.kz

Әлеуметтік желіде жаңаөзендік экс-депутат Ынташ Наурызова облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ұлының анасы екенін айтып, әкімді алимент төлемеді деп айыптаған бірнеше жазба жариялады. Алайда кейінірек жазбаларды өшіріп тастаған. 

Әлеуметтік желіден скрин

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер Маңғыстау әкімінен аталмыш ақпаратқа қатысты түсінік беруді сұрады. Облыс әкімі сұраққа жауап бере отырып, некесіз ұлы туралы ақпаратты жоққа шығарған да, растаған да жоқ.



"Жылтырағанның бәрі алтын емес дейді ғой. Әлеуметтік желіде жазылғанның бәрі, сіздер айтып жатқан, менің атыма айтылған басқа да мәлімдемелер шындыққа жанаса бермейді. Әрине, мен барлығын қадағалап отырмаймын, бірақ баспасөз қызметіндегі әріптестерім көрсетеді. Жеке өзім мен жайлы жазылған кейбір нәрселермен келісемін, кейбірімен жартылай келісемін, кейбірімен үзілді-кесілді келіспеймін", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау олысының әкімі өзін өртеп жіберген азаматпен не үшін кездеспегенін түсіндірген еді. 

Талқылау