Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті

Әли Оқапов бірнеше күн бұрын өзіне қол салған Честер Бенингтон туралы естелігін бөлісіп, мұңайып отырғанын жеткізді.

305624

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20 шілде күні Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон өз-өзіне қол салды Әнші екі рет үйленіп, бүгінде 6 бала тәрбиелеп отырған әке болатын. Оны жоқтап, ерекше естеліктерін бөлісіп жатқандардың қатарында қазақстандық әншілер де бар. Әли Оқапов оны жасөспірімдік шақта көп тыңдағанын айтады.

“Честер Бенингтон. Бұл әншіні жасөспірімдік шақта тыңдағанмын және қазір де тыңдап жүрмін. 16 жасымда мені бүкіл әлем түсінбегендей күй кешкенде, осы Linkin Park демеу болып, маған қажетті эмоцияны беретін еді. Тіпті, бүгін бірнеше сағат бойы оның дауысы менің көлігімде, басымда және жүрегімде ойнап тұрды. Неге екенін өзім де түсіндіре алмаймын. Бірақ, бүгін кенеттен Reanimation альбомындағы “By my self” әнін тыңдағым келді, іштей қажетсіндім. Мен әртүрлі стильдегі әндерді тыңдайтын әншілер қатарынанмын. Кез келген туындыдан өзіңе жақын бірнәрсе табуға болады. Жаның жәннатта болсын жастар мен азат жандардың дауысы. Менің жастық шағым мен тентек кезімнің дауысы. Біз сені ұмытпаймыз”, – дейді Әли Оқапов.


Жіберіп алмаңыз:

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды

Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын

Димаш әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі

Талқылау