Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов қыздармен танысудан жасқанатынын айтты

Әли Оқапов бейтаныс қызды ұнатып қалған жағдайда, қасына жақындаудан жүрексінетінін айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жасым – 25-те. Ересек адаммын, жұмысым бар, ақымақ та емеспін. Алайда әлі күнге дейін жалғыз досты, салмағы аз, брекет тағатын 15 жастағы Әлиге айналып кететін кездерім болады. Мұндай күйге, әсіресе, анаммен немесе мектептегі ұстаздарыммен бірге жүрген кезде түсемін. Сондай-ақ, бейтаныс қызды ұнатып қалған сәтте осылай сезінетінім бар. Қашуды қашан қояр екенмін?» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Әлиді шыншылдығы үшін жазғырған жоқ. Қайта қарапайымдылығына тәнті болып, осындай ойларымен жиі бөлісіп тұруын сұрады. Сондай-ақ, мұндай күйге адамдардың 99%-ы түсетінін айтып, Әлиді жұбатқандар да болды. Ал Әлиге ғашық жанкүйерлердің көңіл-күйі түсіп кетті. «Кімге ғашық екенсіз?» деп сұраған арулар мұңайып қалғандарын жасырмады.
«Шал болайын дегенсіз ғой», «қуған жетпейді, бұйырған кетпейді, бұйыртса сізде де бәрі болады, ойдағы орындалады», «сүйгеніңізге қосылыңыз», – деп жазған желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді

Әли Оқаповты шалға теңеген Мақпал Исабекова сын астында қалды

Әли Оқапов Қызылорда облысынан егіз сыңарын тапты

Әли Оқапов: Мені барлығы төрт құбыласы түгел, уайымы жоқ жігіт деп ойлайды

Талқылау