Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Әлиев: Біз Азияда болғанымызда әлем чемпионатына баяғыда шығар едік

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Әли Әлиев команда тізгінін одан әрі ұстағысы келетінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Қазақстан құрамасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясында 2-турда Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтты. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында маман ұлттық құрама сапындағы қызметін одан әрі жалғастырғысы келетінін айтты.

“Әрине Қазақстан құрамасы сапындағы жұмысымды жалғастырғым келеді. Уэльске қарсы өткен ойында команданың деңгейі қай дәрежеде екені анық байқалды,” – деді Әлиев.



Әли Әлиевті Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров бас бапкердің міндетін уақытша атқаруға тағайындаған еді.

Сондай-ақ, журналисттерге берген сұхбатында отандық маман ұлттық құраманың Азия футбол конфедерациясында өнер көрсеткенінде әлем чемпионатына шығу мүмкіндігі жоғары болатынын жеткізді.

“Біз өзімізді көршілес елдермен көп салыстырамыз. Қырғызстан Катарды жеңді, Өзбекстан әлем чемпионатына баруға жақын тұр. Егер Қазақстан құрамасы Азия құрлығында ойнағанда міндетті түрде әлем чемпионатына баратын еді. Азия футболын тым жоғары бағалауға болмайды,” – деді отандасымыз өз сөзінде.

Талқылау