Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Али Ахмедов Ирландиядағы жекпе-жегінде әрең жеңіске жетті

Головкиннің командасындағы Али Ахмедов Ирландияда өткізген жекпе-жегінде төрешілердің екі ұдай шешімімен жеңіске жетті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Фото: meta-ratings.kz/

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшысы Али Ахмедов Ирландияның Дублин қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің екіұдай шешімі бойынша жеңіске жетті. Ахмедов Франция елінің намысын қорғайтын ұлты камерундық Пьер Дибомбемен (22-2-1, 12 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз 8 раундта нокдаун алып қалғанына қарамастан, жеңіске деген жігер танытып, қарсыласын әрең ұтты. Осылайша Али Ахмедов мансабындағы 22 жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Али Ахмедовтің ісін Геннадий Головкинға тиеслі GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Бұл Али үшін Ирландияда өткізген алғашқы жекпе-жегі болған еді. 

 

Талқылау