Әлеуметтік желіге кіруге құқығы жоқ: Атыраулық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: ЖИ
Атыраулық блогер 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атыраудағы №2 қалалық сот жергілікті Takitok деген атпен танымал блогерге үкім шығарды. Ол онлайн-ойындар мен акциялар ұйымдастырып, жазылушыларына тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар және көпбалалы отбасыларға көмек уәде еткен.
Қатысу үшін ақша аударымдары талап етілгенімен, сыйлықтарды ешкім алмаған. Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, келтірілген шығын көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін.
Қазақ қыздары туралы даулы мәлімдемелерімен танылған ресейлік блогер Алекс Леслиге іздеу жарияланды
Сот әйелді Қылмыстық кодекстің “Ірі көлемде жасалған алаяқтық” бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, сотталғанға 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға және интернет-ресурстарды пайдалануға тыйым салынды. Бұл оның бостандыққа шыққаннан кейін де әлеуметтік желілерде парақша жүргізуіне немесе қоғамдық жобаларға қатысуына болмайтынын білдіреді.
Еске салайық, осыған дейін блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазған едік.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
