Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желі арқылы 3 500 балаға жәбір көрсеткен ер адам бас бостандығынан айырылды

Солтүстік ирландиялық ер адам желіде 70 балаға қиянат жасады деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Theguardian.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Theguardian.com

Мәліметтерге сенсек, 26 жастағы Александр Маккартни 185 бап бойынша кінәсін мойындады. Бапта бопсалау, балаларды зорлау, балалар порнографиясын жасау және тарату көрсетілген. Оған сондай-ақ адам өлтіруге үгіттеді деген айып тағылды. Себебі Маккартнидің құрбандарының бірі, 12 жасар қыз өз өзіне қол жұмсады.

Басылымның хабарлауынша, Маккартни Snapchat желісінде өзін жас қыз ретінде көрсетіп, қыздармен танысқан. Олармен достаспақ болып, кейін бопсалауға кірісті. Полицейлер Маккартнидің әрекетінен 10 мен 16 жас аралығындағы 70 бала мен жасөспірім зардап шеккенін анықтады. Ол Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия және Аустралияны қоса алғанда, 30 елдегі 3 500 баланы нысанаға алған.

Ал басқа ақпарат көздері Александр Маккартнидің ісі тарихтағы ең ірі соммадағы тергеулердің біріне айналды (алаяқтық немесе алдау үшін әлеуметтік желілерде жалған жеке тұлғаны құру деп аталатын) деп жазады. 

"Менің ойымша, нормаларға сай келмейтін мінез-құлқын жыныстық әрекеттері арқылы көрсет кен айыпталушы қоғамға үлкен қауіп төндіріріп тұр", – деп жазды BBC судьяның сөзін негізге алып.



Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда Жетісу облысының олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысына қатысты педофилия ісі бойынша сот процесі аяқталды. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Талқылау