Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең үздік 30 боксшысының қатарына кірген Садриддин Ахмедов әлем чемпионымен жұдырықтасқан боксшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Eye of  the tiger management

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін әлем чемпионына қарсы жұдырықтасқан боксшымен өткізеді. Ол 13 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инез қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 KO) болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Рафаэль бұған дейін өзбекстандық әлем чемпионы Исраил Мадримовке қарсы жекпе-жек өткізген еді. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін 31 тамызда өткізіп, америкалық Антонио Тоддты (17-11, 9 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Талқылау