Әлемнің ең үздік 10 жағажайы анықталды
TripAdvisor туристік қызмет көрсету орталығы саяхатшылар арасында сауалнама жүргізіп, әлемнің ең үздік жағажайларын анықтады. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, бірінші орынды Атлант мұхиты Теркс пен Кайкос топаралында орналасқан Grace Bay атты жағажай иеленді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Екінші орынды Бразилиядағы Baia do Sancho жағажайы иеленді. Оны көпшілік ертегі әлеміне теңеген болатын. Үздік үштікті Кубадағы Playa Paraiso бекітті.
Ондықтың қатарына Anse Lazio (Сейшель аралдары), Cayo de Agua (Венесуэла), Flamenco Beach (Пуэрто-Рико), Playa de Ses Illetes (Испания), Ngapali Beach (Мьянма), West Bay Beach (Гондурас) и Nacpan Beach (Филиппин) жағажайлары кірді.
Baia do Sancho
Playa Paraiso
Anse Lazio
Cayo de Agua
Рейтинг саяхатшылардың соңғы 12 айда TripAdvisor сайтында қалдырған пікіріне қарап құрастырылған екен.
Flamenco Beach
Playa de Ses Illetes
Ngapali Beach
West Bay Beach
Nacpan Beach
Бұдан өзге TripAdvisor ақпан айының басында ең қымбат туристік орталықтарда демалуға барынша ыңғайлы деген уақытты анықтаған болатын. Уақыт дұрыс таңдалған жағдайда ақшаны 86%-ға дейін үнемдеуге болады екен.