Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс қарсыласынан жеңіліп қалды
Австралияның ашық біріншілігінің финалында неміс теннисшісі Анжелика Кербер әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямстен басым түсті.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Екі сағат сегіз минутқа созылған ақтық сын 6:4, 3:6, 6:4 есебімен неміс қызының пайдасына шешілді. Айта кетейік, 28 жастағы Кербердің бұл «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы жеңісі. Ал 34 жастағы Уильямс аталмыш додада бұған дейін алты рет (2003, 2005, 2007, 2009-10, 2015) жеңімпаз атанған.
Талқылау